Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин атына депутаттық сауал жолдап, ауыл шаруашылығы саласындағы кадр тапшылығы мәселесін көтерді, деп жазады Egemen.kz.
Фото: Ашық дереккөз
Депутат өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы Жолдауында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және импортқа тәуелділікті азайту Үкіметтің стратегиялық міндеті екенін атап өткенін еске салды. Оның айтуынша, бұл міндеттер отандық ауыл шаруашылығын дамыту, өнім жеткізу логистикасын оңтайландыру және тұрақты өндірісті қалыптастыру арқылы жүзеге асуы тиіс.
Соңғы 7 жылда еліміздегі ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі екі есе артты
Темір Қырықбаев жыл басында өңірлерді аралап, ауыл тұрғындарымен кездескенін жеткізді. Кездесулер барысында шаруалар агросектордағы ең өзекті мәселелердің бірі ретінде кадр тапшылығын атаған.
«Әсіресе, малшы, сауыншы, механизатор, ветеринар, агроном, зоотехник секілді мамандардың жетіспеушілігі бар екенін жеткізді. Бұл жағдай ауылдық жерлердегі тұрмыс деңгейінің төмендігімен, еңбекақы мөлшерінің жеткіліксіздігімен және әлеуметтік қолдау тетігінің әлсіздігімен тікелей байланысты», деді депутат.
Ауыл шаруашылығы кооперациясы: Оларды ынталандыру тәсілі қандай?
Сондай-ақ ол Жоғары аудиторлық палатаның есебінде зейнетақы жарналары аударылмайтын азаматтардың көп екені көрсетілгенін айтты. Бұл еңбек заңнамасының сақталуында кемшіліктер бар екенін және бақылау тетіктерінің әлсіздігін білдіреді.
«Мұндай үрдіс жұмыс берушілер тарапынан міндеттемелердің толық орындалмауы немесе бақылау тетіктерінің әлсіздігімен байланысты болуы мүмкін. Кадр тапшылығының орын алуы агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуына, еңбек өнімділігінің артуына және елдің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді», деді Т. Қырықбаев.
Айта кетейік, Үкімет Қазақстан негізгі азық-түлік өнімдері бойынша толық өзін-өзі қамтамасыз етуге көшуді 2028 жылға дейін жоспарлап отыр. Депутаттың айтуынша, ауылдағы шаруалардың тарапынан көтеріп отырған кадрлық мәселесін толыққанды шешпей елімізді азық-түлік өнімдерімен 2028 жылға дейін өзін-өзі толық қамтамасыз етуге мүмкін емес.
Ормұз бұғазындағы шектеулер отандық ауыл шаруашылығына қалай есер етеді?
Осыған байланысты депутат Үкіметке бірқатар ұсыныс жолдады. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын арттыру үшін қосымша төлемдер қарастыру және жергілікті бюджет есебінен субсидиялау бағдарламасын енгізу, сала қызметкерлеріне жеке табыс салығының төмендетілген мөлшерлемесін белгілеу, сондай-ақ аграрлық оқу орындарында мақсатты гранттар мен шәкіртақылар көлемін ұлғайту қажеттігін ұсынды.
Соңғы жаңалықтар
Белгілі заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 12:28
Далида Ділмұратқызы: Мүмкіндігі шектеулі жандар үйде отырып қалмауы керек
Қоғам • Бүгін, 12:27
«Моральдық құқығымыз жоқ»: Депутат мас жүргізушілерге рақымшылық жасауға қарсы шықты
Парламент • Бүгін, 12:10
Мемлекеттік қызметке іріктеу: 1 сәуірден бастап өтініштер онлайн қабылданады
Қоғам • Бүгін, 11:49
Қырымда Ан-26 ұшағы апатқа ұшырады: 29 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 11:48
Америкалық журналисті ұрлағандардың бірі ұсталды: Күдікті қауіпсіздік қызметінің өкілі болуы мүмкін
Әлем • Бүгін, 11:30
Президент Әкімшілігі инвестиция бөлімінің меңгерушісі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:12
Қырғызстанда ер адам балаларға ішіне ине салынған кәмпиттер таратқан
Оқиға • Бүгін, 11:03
Қарағанды облысында 1-сыныпқа құжат қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 10:52
АҚШ әскері Ираннан кете ме? Трамп маңызды үндеу жасайды
Әлем • Бүгін, 10:42
Жалған құжат көрсетіп, ақша талап еткен: Астанада кәсіпкерлерді алдаған күдікті ұсталды
Қоғам • Бүгін, 10:23
30 градусқа дейін ыстық: 1 сәуірде Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 10:15
Таразда 11-сынып оқушысы әкесінен алимент өндіріп алды
Оқиға • Бүгін, 10:08
Түркістандағы кісі өлімі: Сот айыпталушыларға 20 жылға дейін жаза тағайындады
Қылмыс • Бүгін, 09:50
«Қазіргі заманғы қазақ романы» әдеби жобасы: 15 миллион теңге Жүсіпбек Қорғасбекке бұйырды
Әдебиет • Бүгін, 09:44