Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik.Түркістан облысының Еңбекші ауылындағы Ошақты суару каналына бір үйдің екі баласы батып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
31 мамырда із-түзсіз кеткен 8 жастағы Юсуфахмет пен 13 жастағы Диасты іздеу жұмыстары тәулік бойы жүргізілген. Балалардың анасы Айгүл Тамашева сол күні таңғы бесте жұмысқа кеткен. Әкесі де нәпақа табуға кеткен. Бұл туралы балалардың анасы әлеуметтік желіде айтты.
"Сағат төрт жарымда қызым "мама, Диас батып кетіпті" деп айтты. Мен бір ұлым екен деппін. Жылап жүгіре бердім. Әкімшіліктегі Дәурен деген бала "жеңгей, сабырлы болыңыз" деп жатыр. Сөйтсем екінші балам да батып кетіпті. Ағасы інісін құтқарам деген ғой. Мына каналды жауып тастасын. Менің әлі бес балам бар, олар да каналға барады", - дейді балалардың анасы Айгүл Тамашева.
Құтқарушылардың айтуынша балалардың денесі араға тәулік салып табылған.
"2013 және 2018 жылы туған кәмелетке толмаған балалар ойын кезінде ересектердің қарауынсыз қалып, суға құлап кетіп, ағыс алып кеткен", - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 31 мамыр күні 2018 жылы туған баланың денесі судан шығарылды. Бір күннен кейін 2013 жылы туған баланың денесі табылды.