Маман даярлаудағы серіктестік

10.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Аризона университеті – еліміздің ғылыми және білім беру әлеуетін дамытуға үлес қосқан алғашқы шетелдік жоғары оқу орындарының бірі. Бүгінде оқу орны М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетімен стратегиялық әріптестік орнатып, бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асырып келеді. Осы бағ­дарламалар аясында 1,2 мың­нан астам студент білім алып жатыр. Биыл олардың алғашқы легі оқуын тәмамдап, қос диплом иегері атанады.

«Қазақстанның жаңа Консти­туциясы білім, ғылым және инновацияны мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттары ретінде айқындайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев адам капиталын дамытуды еліміздің басты басымдықтарының бірі ретінде белгіледі. Біз үздік халықаралық тәжірибелерді енгізіп, ғылыми-зерттеу ынтымақтастығын кеңейте отырып, өңірлік акаде­миялық және зерттеу хабын қалыптастыратын боламыз», деді Үкімет басшысы.

Аризона университетінің пре­зиденті Суреш Гаримелла Қозыбаев университетімен ынтымақтастықта қолға алын­ған қанатқақты жобаның сәтті жүзеге асырылғанын атап өтті. Бірлескен бағдарламадағы ба­сым­дықтардың бірі – ғылыми зерт­теулерді дамыту екенін айтты.

«Біз білім берудегі ынтымақ­тастық моделін Қозыбаев уни­верситетінде қолдандық, сол арқылы студенттердің көп санын қамти отырып, сіздің елдегі басқа да жоғары оқу орындарында кеңінен таратуға болатынын дәлелдедік. Өзіміз үшін үш негізгі басымдықты таңдадық, олар – студенттердің жетістігі, ғылыми зерттеулер және қоғамға қызмет ету мен жергілікті қауымдастықтардың дамуы. Осы басымдықтардың әрқайсысы Қозыбаев университетінде шетелде оқу, қатысу, білім беру және басқа да бағыттар арқылы жүзеге асырылады», деді Суреш Гаримелла.

Кездесу барысында ғылыми-зерттеу кооперациясына назар аударылды. Қозыбаев универ­ситеті мен Аризона университеті су ресурстары, агрогеномика, биоинформатика, күкірт өңдеу, жасанды интеллект, цифр­лық денсаулық сақтау, инклюзивті білім беру салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асырып жатыр.

Жобалардың бірі Солтүстік Қазақстан облысының су ресурстарына мониторинг жүр­гізуге, тазартуға әрі ұтымды пайдалануға бағытталған. Ауыл шаруашылығы дақылдарының геномдық селекциясы мен Қазақстанның бірегей жануарлары мен өсімдіктерінің, оның ішінде Каспий итбалығы мен Грейг қызғалдағының генофондын сақтау бағытында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізіп отыр. Күкіртті қайта өңдеу технологияларын әзір­леу және қосылған құны жоғары өнімдерді – жоғары технологиялық материалдар, тыңайтқыштар мен сорбенттерді шығару бойынша жоба жүзеге асырылып келеді. Кездесу қорытындысында ынты­мақ­­тастықты одан әрі дамыту­дың және кадрлар даярлау сапасын арттырудың маңыздылығы айтылды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью