Мамандар кеңесі: Несие аларда нені ескеру керек?

28.05.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі несие рәсімдеу кезінде бірнеше маңызды тармаққа назар аударуға кеңес береді.

Ең алдымен шарттың титулдық бетін мұқият қарап шығу қажет. Онда қарыз сомасы, мерзімі, сыйақы мөлшерлемесі, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ), өтеу тәсілі, мерзімінен бұрын жабу шарттары мен айыппұл көлемі көрсетіледі.

Ұлттық банк: Ипотека мен автонесиеге сұраныс төмендеді

Сондай-ақ кредиттің толық құнын алдын ала есептеу маңызды. Ай сайынғы төлемдерден бөлек, комиссиялар мен сақтандыру төлемдері де жалпы шығынды арттыруы мүмкін.

Мамандар қарызды өтеу тәсілін де дұрыс таңдауға кеңес береді. Аннуитеттік төлем кезінде ай сайын бірдей сома төленсе, сараланған төлем жүйесінде қарыз көлемі біртіндеп азаяды.

Бұдан бөлек, кредит мерзіміне де мән берген жөн. Несие мерзімі ұзақ болған сайын артық төлем көлемі де көбейеді. Сондықтан мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі мен оған қатысты комиссиялардың бар-жоғын нақтылап алу қажет.

Агенттік төлем кешіктірілген жағдайда есептелетін айыппұлдар мен қосымша комиссияларды да алдын ала тексеруге шақырады.

Сонымен қатар құжаттағы дербес мәліметтердің дұрыс көрсетілгеніне көз жеткізіп, оларды өңдеу және үшінші тұлғаларға беру тәртібімен танысу маңызды.

Табысынан 8 есе көп қарызы барларға несие берілмейді: Ұлттық банк жаңа шектеу енгізеді

Мамандар төлем кестесі мен жадынама да шарттың ажырамас бөлігі екенін еске салады.

Қаржы ұйымымен келісімге келмес бұрын барлық сұрақтарды нақтылап, қажет болған жағдайда қосымша кеңес алған дұрыс.

Сарапшылар кредит бойынша міндеттемелерді уақытында орындау кредиттік тарихқа тікелей әсер ететінін атап өтті. Ал төлемдерді кешіктіру айыппұлдардың өсуіне және болашақта қаржылық қызметтерді пайдалануға шектеу қоюы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью