Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Ұлттық статистика дерегінше, бүгінде елімізде 10,4 млн әйел тұрады. Бұл жалпы халқымыздың 51,1%-ын құрайды. Сондай-ақ сан дерек қазақстандық қыз-келіншектердің 48%-ы – мейірім мен мамандықты, іскерлік пен ізетті тең ұстап жүргендер санатында екенін жариялады. Асылында арулар қоғамның кетігіне кірпіш болып қаланып, ел қамы үшін ерлермен тең тер төгіп жүр. Нәзік әйелдер үшін мамандықтың шекарасы жоқ. Сөзімізді саналы ғұмырының 20 жылын құқық қорғау саласына арнаған Рәбиға Еркебайқызы айғақтай түседі. Бүгінде ол Астана қалалық полиция басқармасының отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімше бастығы лауазмын атқарып жүр, деп жазады Egemen.kz.
Рәбиға Еркебайқызы құқық қорғау саласының сан тарабында тер төгіп, бөлімше бастығы лауызымына дейін сатылай көтерілген еңбекқор маман. Өмірінің қос онжылдығында қатаң тәртіп пен жіті жауапкершілік жүктейтін салада абыройлы қызмет етумен қатар, әйел, ана бақытын сезінген жан. Бүгінде ол ұл-қызының сүйеніші болумен қатар, қызметте талай нәзік жанның сүрінген сәтінде демеп жүр. Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесін басқарып отырған кейіпкеріміз үшін 8-наурыз мереке ғана емес, әйел тағдыры үшін толғанатын күн.
Президент әйелдер қауымын халықаралық мерекемен құттықтады
«Мен үшін 8-наурыз тек мереке ғана емес, сонымен қатар әйелдің қоғамдағы рөлі мен тағдыры туралы терең ойланатын күн. Бұл күн – аналардың, қыз-келіншектердің еңбегі мен төзіміне құрмет білдіретін ерекше сәт. Күнделікті күйбең тіршілікте әйел еңсеріп жүрген жүк көзге көрінбей, еленбей қалып жатады. Ал көктемнің осы бір көркем күнінде бар әлем әйелдің болмысына басып иіп, қоғам үшін атқарып жүрген қызметіне алғыс айтады, қадірін терең түсінеді. Сондықтан мереке мәні әйелдің, ананың нәзік қырын еске түсіріп, еселеп алғыс айтатыны үшін құнды», дейді Рәбиға Еркебайқызы.
Шенді кейіпкеріміздің қызметі де әйелдердің құқы мен отбасы, қоғамдағы орнының орнықты болуымен байланысып жатыр. Жасыратыны жоқ, қоғамымызда сталкинг сергелдең етіп, зорлық құрбанына айналғандар азаймай тұр. Бұл тұста да мемлекетіміз әйел еркіндігі мен құқын заңмен шегелеп берді. Істе жоғарыда аталған жағымсыз көрініспен күресіп жүрген Рәбиға Еркебайқызы, десе де кейінгі жылдары әйелдерге деген ізгі көзқарас мығым орнығып, оң өзгеріп келе жатқанын тілге тиек етті.
«Бес саусақ бірдей емес екені бесенеден белгілі. Сондықтан болар әйелдерге күш қолдану түбегейлі толастаған жоқ. Алайда олардың саны бірте-бірте азайып келе жатқанына көз жеткізіп жүрміз. Мұндай оң нәтижеге «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң» аясында да мүмкін болып отыр. Қыз-келіншектердің құқы заңмен кепілдендіріліп, адамдық парасатпен үйлесе түскенде ғана олардың өмірі өксімейді деп ойлаймын», деген ойын ортаға салған Рәбиға Еркебайқызы өзге әйелдерге араша болатын мамандығында ішкі күйін берік ете алған жан.
«Бұл салада ұзақ жылдар қызмет ету үшін ең алдымен төзімділік, әділдікке деген берік ұстаным, жауапкершілік пен рухани мықтылық қажет. Сонымен қатар адамдар тағдырына бейжай қарамай, әрбір шешімді заң мен ар-ождан аясында қабылдай білу маңызды. Менің ұстанымым осыған саяды әрі әйел қауымының қуанышы үшін сәт сайын тер төгіп жүргенім мен үшін өмірлік маңызды міндет», дейді ол.
Әрине, темірдей тәртіпті талап ететін қызметте отбасы мен жардың қолдауы маңызды. Кейіпкеріміз жанұя мен мамандықтағы мардымды тірлігін өмірдің әр қырындағы тепе-теңдікпен байланыстырады.
Құрметке бөленген ана: Ләззат Таймырқызының тағылымға толы ғұмыры
«Тепе-теңдікті сақтау үшін уақытты дұрыс жоспарлау, отбасыға сапалы көңіл бөлу және жұмыстың жүйесін, ондағы көңіл-күйді үйге алып келмеуге тырысу маңызды. Отбасының қолдауы – басты күш. Қай салада болмасын, әйел адам үшін отбасы – демеу әрі шабыт көзі. Сондықтан отбасында қолдау көрген әйел үшін алынбайтын қамал қалмайды», деп ой түйді Рәбиға Еркебайқызы.
Ұрпақ өрбітіп, болашақ тұлғаларды тәрбиелеп, жан-жағына мейірім мен махабаттың үздік үлгісін көрсетіп жүрген жандардың жадырап жүргені маңызды. Ал осы сөздерді жадымыздан шығармау екі есе маңызды.
Соңғы жаңалықтар
Астанадағы MEGA Silk Way сауда орталығында «Бақыт деген» музыкалық флешмобы өтті
Қоғам • Бүгін, 17:45
Ұлттық ұлан қызметкерлері қала тұрғындарын мерекемен құттықтады
Қоғам • Бүгін, 15:40
Конституция – әділетті қоғам қалыптастырудың негізі
Ата заң • Бүгін, 15:00
Тегеранның мұнай базасы өртеніп жатыр
Әлем • Бүгін, 14:36
Қазақстан мен Кувейттің министрлері Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады
Саясат • Бүгін, 14:18
Петропавлда тұрғын үйде өрт шығып, 100-ден астам адам эвакуацияланды
Оқиға • Бүгін, 13:30
Паралимпиада-2026: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?
Олимпиада • Бүгін, 12:45
Израиль Бейруттағы қонақүйді соққылады
Әлем • Бүгін, 12:23
Бүгін елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтіледі
Оқиға • Бүгін, 11:35
Құрметке бөленген ана: Ләззат Таймырқызының тағылымға толы ғұмыры
Тұлға • Бүгін, 10:00
Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 09:39
Президент әйелдер қауымын халықаралық мерекемен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:05
«Ордабасы» және «Ертіс» матчы алдында жаңа Конституцияны қолдауға арналған іс-шара өтті
Референдум • Кеше
Милад Карими спорттық гимнастикадан Бакудегі Әлем кубогы кезеңінің күміс жүлдегері атанды
Спорт • Кеше
Әскери оркестрлер мереке шырайын кіргізді
Қоғам • Кеше