МӘМС қорындағы жинақталған қаржы 7 трлн теңгеге жуықтаған

18.12.2025

24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында жинақталған қаражат 6 жыл ішінде 7 триллион теңгеге жуықтаған. 

 Оның 2 трлн теңгесі жеңілдікке ие санаттағы азаматтарға берілген мемлекеттік жарналар. Биылдың өзінде 1 жарым триллион теңге шамасында ақша аударылған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында жасаған баяндамасында мәлімдеді. Бүгінде 17 миллион азамат сақтандыру жүйесімен қамтылған. Қаңтар айынан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру пакеті кеңейтіліп, жүйені қадағалау күшейе түспек. Тиісінше сақтандыруға алынатын азаматтардың саны да едәуір артпақ. Қазір Қазақстанда көрсетілетін медициналық көмектің 92 пайызы автоматты түрде жұмыс істейді. Тиісінше дәрі-дәрімекті сатып алу, медициналық қызметтерге ақы төлеу сында негізгі бизнес-үрдістер цифрлық жүйе арқылы реттеледі.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью