Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Санаулы жылда денсаулық саласына тиетін қаражат көлемі екі есеге дейін ұлғайды.
Осыдан кейін ел-жұрт медициналық көмектің қолжетімдігін шын сезінеді деп ойлағанымыз рас.
Алайда, әлі күнге медициналық көмектің сапасы көңіл көншірлік деңгейде емес, деп жазады Egemen.kz.
Жағдайдан хабардар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көп күтпей, саладағы кемшіліктерді тізіп беріп, цифрландыруға басымдық беру керегін жауаптыларға шегелеп тапсырды.
Соның ізімен медицинаға енген өзгерістерді тізбектеп, түгендеп шығудың өзі мүмкін еместей.
Біз соның негізгілеріне ғана тоқталсақ, әуелі медициналық көмектің тиімділігін арттыруға септесетін Face ID жүйесі айтар едік.
Жобаға сәйкес науқастар емханаға келгенде Face-ID, веб-камера көмегімен жеке басының сәйкестігін нақтылайды.