МӘМС жүйесіндегі олқылықтардан кейін қорға жаңа басшы тағайындалды

24.01.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: gov.kz

Қаржы министрлігі аппаратының басшысы Ернар Ержанов «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ ұжымына басқарма төрағасы қызметіне тағайындалған Гүлмира Сабденбекті таныстырды.

«Оның бейінді медициналық білімі бар, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі (MPH) дәрежесін алған, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында басқарушылық тәжірибесі мол. Әр жылдары жетекші лауазымдарды атқарып, Ұлттық медициналық холдингтің стратегиялық даму департаментін басқарды, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды», деп хабарлады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Президент Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған Гүлмира Сабденбек әлеуметтік саясат пен орнықты даму, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелеріне жетекшілік еткен.

Қор ұжымына басқарма төрағасының бірінші орынбасары ретінде Айдар Мекебеков те таныстырылды.

Оның Қаржы министрлігі жүйесінде көпжылдық еңбек өтілі бар. Еңбек жолын салық инспекторынан бастап, мемлекеттік кірістер және қаржылық бақылау органдарының бөлімшелерін басқаруға дейін көтерілген. Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Бүгінге дейін «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-де ұрлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің директоры болған.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметі халықтың нақты қажеттіліктерін ескере отырып, қаржы қаражатын мақсатты әрі ашық бөлуге, сондай-ақ сапалы медициналық көмекті қамтамасыз етуге бағытталады», делінген Қаржы министрлігінің баспасөз хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын тексеру барысында жүйеде жаппай тәртіпсіздік анықталған еді. Астанада бір дәрігер бір күнде 1 442 науқасты «қабылдаған», ал екіншісі бір айда 4 832 қабылдау жүргізген болып шыққан. Құжаттарда қайтыс болған адамдарға көрсетілген медициналық қызметтер, жынысына сәйкес келмейтін жүздеген мың скринингтер тіркелген, тіпті ер адамдарға маммография жасалғаны көрсетілген. Сондай-ақ балаларға дәрілерді жаппай негізсіз жазу және бір адамға бір тәулікте мыңдаған препарат «есептен шығарылған» жағдайлар анықталған.

МӘМС жүйесіндегі олқылықтар: Қайтыс болған адам дәрігер қабылдауында болған

Осыдан кейін Премьер-министр Олжас Бектенов анықталған заңбұзушылықтар бойынша материалдарды құқық қорғау органдарына беруді және қаржылық ағындарды толық бақылап, жүйеде тәртіп орнату үшін қорды Қаржы министрлігінің қарамағына өткізуді тапсырды.

20 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (МӘМС) Қаржы министрлігінің қарамағына берілуі туралы Премьер-министрдің шешімін қолдады.

Міндетті медициналық сақтандыру қоры неге Қаржы министрлігіне берілді?

Мемлекет басшысының айтуынша, қорда «көптеген заңбұзушылықтар мен асыра пайдаланулар», соның ішінде «қарапайым қосып жазу мен мемлекеттік қаражатты аса ірі көлемде жымқыру мақсатында құжаттарды өрескел қолдан жасау фактілері» анықталған.

«Ел экономикасының сапалы өсуі мен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, денсаулық сақтауды дамытуға бүкіл ел күш пен қаражат жұмылдырып жатқанда, әлеуметтік салаға бөлінетін орасан зор қаржы қарапайым түрде талан-таражға салынып жатыр», деген еді Президент.

Айта кетейік, 2024-2025 жылдары тек денсаулық сақтау саласын дамытуға мемлекет 7,8 трлн теңге бөлген.

Медициналық сақтандыру қорындағы заңсыздық

Соңғы жаңалықтар

Жаңаөзенде электр станциясы жаңғыртылады: Инвесторлар қандай жоба ұсынды?

Аймақтар • Бүгін, 11:47

Қазақстан – Моңғолия арасындағы тауар айналымы 500 млн долларға дейін артады

Қазақстан • Бүгін, 11:21

Павлодарда тозығы жеткен жылу-энергия орталығы жаңғыртудан өтеді

Энергетика • Бүгін, 11:00

Бүгінгі валюта бағамы қандай?

Қоғам • Бүгін, 10:42

Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қоғам • Бүгін, 10:30

Ұлы мұрат жолындағы өзгерістер

Пікір • Бүгін, 10:05

Реформаның мәні мен қоғамдық маңызы

Құрылтай • Бүгін, 10:00

Жолашар тың бағыттар

Пікір • Бүгін, 09:55

Екібастұздағы алып мұржа

Аймақтар • Бүгін, 09:50

Күнбағыс майының экспорты артты

Экспорт • Бүгін, 09:45

Шекара маңындағы ауылдар қайта өркендеу кезеңіне аяқ басты

Ауыл • Бүгін, 09:40

Цифрлық трансформацияның жаңа кезеңі

Пікір • Бүгін, 09:38

Суперкомпьютердің мүмкіндігі мол

Технология • Бүгін, 09:35

Қателіктің алдын алады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30

Басқа басылымдардан: Қазақстан мен Өзбекстан Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды

Басылым • Бүгін, 09:28

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью