Мамыр айында 147,7 мың автокөлік құралы есепке қойылды

22.06.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

gov.kz

2026 жылғы мамыр айында 147,7 мың автокөлік құралы есепке қойылды, оның ішінде жеңіл автомобильдер – 129,0 мың, жүк автомобильдері – 8,7 мың, автобус – 1,3 мың, мотоцикл – 1,6 мың, тіркемелер – 3,6 мың және 3,3 мыңы өзге де көлік құралдары.

2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда 5 995,0 мың автокөлік құралы тіркелген. Оның 84,2% – жеңіл автомобильдер, 8,0% – жүк автомобильдері, 4,3% – тіркемелер, 1,5% – автобустар, 1,2% – мото көлік және 0,8% – өзге көлік құралдары.
Пайдаланылатын отын түрлері бойынша көлік құралдарының 80% бензинмен жүреді, 7,6% - дизель отынын пайдаланады, аралас отындағы көлік құралдарының үлесі – 6,5%. Жалпы көлік құралдарының ішінде газбен жүретін көліктердің үлесі 0,4% құрады. Сонымен қатар, электр қуатымен жүретін 32 479 көлік құралы тіркелген, бұл жалпы көлік санының 0,5% құрайды.

Электр қуатын пайдаланатын көлік құралдарының ең көп саны келесі өңірлерде тіркелген:
Алматы қаласында – 17 506 бірлік;
Астана қаласында – 3 235 бірлік;
Алматы облысында – 2 857 бірлік;

Шымкент қаласында – 1 042 бірлік.

Бүгін, 10:24

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью