Мамырдың соңы Астана мен Алматыға 30 градустық аптап әкеледі

28.05.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 29, 30 және 31 мамырда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 29, 30 және 31 мамырда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанадағы ауа райы болжамы

29 мамырда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні секундтына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде +10...+12 градус, күндіз +26...+28 градус.

30 мамырда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан бағытын оңтүстік-шығысқа ауыстырады, жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде +14...+16 градус, күндіз +30...+32 градус.

31 мамыр көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +31...+33 градус.

Алматыдағы ауа райы болжамы

29 мамыр көшпелі бұлтты, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, күн күркірейді. Жел оңтүстік-батыстан 3-8, күндіз екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус, күндіз +27...+29 градус.

30 мамырда көшпелі бұлтты, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, күн күркірейді. Жел оңтүстік-батыстан секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +15...+17 градус, күндіз +28...+30 градус.

31 мамыр көшпелі бұлтты, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, күн күркірейді. Жел оңтүстік-батыстан бағытын солтүстік-шығысқа ауыстырады, жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +30...+32 градус.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью