Маңғыстау ғажайыптары әлем назарында

28.01.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Бенилюкс елдері туризм саласындағы жаңа бағыттар қатарында Маңғыстау өңіріне ерекше назар аударып отыр. Жақында Нидерланд пен Бельгияның беделді басылымдары елімізді шетелдік саяхатшыларға тартымды мекен ретінде таныстырды. Жарияланымдарда Маңғыстау облысының экспедициялық әлеуеті мен қайталанбас табиғи ландшафты жан-жақты сипатталған.

Атап айтқанда, Нидерланд Корольдігінің «Travel Book» журналына Маңғыстау облысы мен Астана қаласы туралы арнайы мақала жа­рия­лады. Әсіресе Қызыл­құп шат­қалының ғажайып көрінісі журналдың жаңа са­нының негізгі визуалды сә­ніне айналған. Мақалада Боз­жыра, Торыш, Қызылқұп шатқалдарының сұлулығына баса мән берілген. Басылым Нидерланд пен Бельгия аумағына кеңінен таралады.

Мақала авторы өз саяхатынан алған әсерін былайша жеткізеді: «Маңғыстауды Марс немесе Ай бедерімен жиі салыстыратыны бекер емес. Мұндағы пейзаждар айрықша әсер қалдырады. Ешнәрсеге ұқсамайтын бірегей ландшафттың қақ ортасында тұрғанда таңданысыңды жасыра алмайсың. Ең ғажайып орындары – Бозжыра, Қызылқұп, Торыш. Бозжыра алқабында шатқалдар, тау шыңдары мен жартастар аппақ түске бөленсе, «Тирамису таулары» аталып кеткен Қызылқұп, керісінше, қызғылт, қызыл, терракота реңктерімен көз тартады. Ал «Шарлар алқабындағы» (Торыш) пішіні мінсіз дөңгелек мыңдаған тасты көру – тіпті бір ғанибет».

Сонымен қатар Бельгияның «Papillio» лайфстайл-басылымы да оқырмандарына Маңғыстауды сирек кездесетін ландшафты бар тартымды бағыт ретінде ұсынды. Тара­лымы шамамен 280 мың дананы құрайтын журнал ел таби­ғаты­ның бірегейлігін паш еткен. Өңір туралы бейнелі ақпа­рат­тар мен фоторепортаждар сарабдал саяхатшыларды бірікті­ретін халықаралық «She Is Not Lost» платфор­масында да жарияланды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью