Маңғыстау мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 62% ға артты

24.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

«Бүгін алғаш рет Қазақстан мен Өзбекстан өңірлері басшыларының кеңесі өтті. Кеңес барысында өңірлер экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі келісімдерге қол қойды. Былтыр Маңғыстау мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 2024 жылмен салыстырғанда 62%-ға өсті. Алдағы аптада өңіріміздің 12 кәсіпкері қосымша келісімдер жасау үшін Ташкентке барады. Бұл – үздіксіз жүретін үдеріс, ал бүгінгі кездесулер өңіріміздің дамуына жаңа серпін береді», деді облыс әкімі.

Қазіргі таңда Ақтауда өзбек капиталының қатысуымен құрылған 1,8 мыңнан астам кәсіпорын тіркеліп, жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар өңірде Өзбекстанның шамамен 7,5-8 мың азаматы өмір сүріп, еңбек етуде.

Қазақстан мен Өзбекстан сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге келісті

Кеңес қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан өңірлері арасында бірқатар ынтымақтастық туралы келісімдерге, сондай-ақ жалпы сомасы 80 млрд теңгеден асатын коммерциялық құжаттарға қол қойылды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью