Маңғыстау облысы шетелдік туристерді ең көп тартатын өңірлердің үштігіне енді

24.12.2025

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Статистикалық деректерге сәйкес, 2025 жылдың 9 айында өңірге 350 мыңнан астам турист келіп, 17,2 миллиард теңгеге жуық қызмет көрсетілді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға артқан. Шетелдік туристерді қабылдау бойынша Маңғыстау республикада 3-орынға тұрақтады. Бұл туралы өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Өңірде 2025-2029 жылдары жалпы құны 198 млрд теңге болатын 17 туристік инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланған. Нәтижесінде 800-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар биыл «Omir apartments» апартаменттері – 2 кезең, «Wyndham Garden Aktau» және «Shahristan» қонақ үй кешендері, Достар қонақ үйін қайта құрылымдау сынды 4 жоба пайдалануға берілді. Бұдан бөлек термалды сулары бар санаторий-курорттық кешені салынып жатыр және балалар демалысын дамыту мақсатында Каспий жағалауында көпфункционалды «Aqqu Resort&Camp» орталығы ашылды. Сондай-ақ Бозжыра шатқалында сапар орталығының құрылысы аяқталып, алдағы туристік маусымда іске қосылады.

«Өңірде туризмді дамыту бойынша кешенді жоспар жүзеге асуда. Маңғыстау, Шетпе және Бейнеу теміржол вокзалдары жаңғыртылып жатыр, сондай-ақ Кендірліде жаңа әуежайдың құрылысы басталды. Бұл инфрақұрылым саланы жаңа деңгейге шығарады», деді Нұрдәулет Қилыбай.

Соңғы жаңалықтар

Сарыағаштың бас шыршасын қиратқан жүргізуші ұсталды

Қоғам • Бүгін, 00:33

Головкин аңыз боксшылармен бір тізімге енді

Спорт • Кеше

Ресейде Whatsapp жұмысына шектеу қойылды

Әлем • Кеше

Маңғыстауда ауыз су тапшылығы жоқ

Аймақтар • Кеше

Павлодарда денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Тағайындау • Кеше

Маңғыстаудың жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының 97%-ы жақсы жағдайда

Инфрақұрылым • Кеше

Қазақстанның басым бөлігінде боран соғып, көктайғақ болады – Қазгидромет

Ауа райы • Кеше

Соңғы үш жылда Маңғыстау облысына 3 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылған

Инвестиция • Кеше

Павлодарда мемлекеттік құпия мәліметтерді жинаған колонияның бұрынғы басшысы сотталды

Заң • Кеше

Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Майамиде өтетін G20 саммитіне шақырды

Президент • Кеше

Маңғыстауда Орталық Азиядағы алғашқы теңіз аквашаруашылық жобасы іске асып жатыр

Табиғат • Кеше

«Үлгілі ауыл» байқауының жеңімпаздарына 20 трактор табысталды

Ауыл • Кеше

Жетісу облысында мал ұрлығына қатысы бар үш адам қамауға алынды

Қоғам • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы мазмұнды әңгіме өрбітті

Президент • Кеше

Атырауда арнайы экономикалық аймақ инвесторлары кедергіге тап болған

Экономика • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью