Маңғыстау облысында экологиялық қауіпті аумақтар зерттеледі

03.11.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Маңғыстау облысында өнеркәсіптік қалдықтарды зерттеу жұмыстары басталды. Оған 20 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Табиғатты қорғау прокуратурасының мәліметінше, өңір аумағында экологиялық тұрғыдан қауіпті 14 нысан бар. Олардың басым бөлігі Қарақия, Түпқараған, Мұнайлы аудандарында және Ақтаудың өндірістік аймақтарында шоғырланған.

Бұл жерлерде кеңес дәуірінен қалған химиялық қалдықтар болуы мүмкін. Сонымен қатар түгендеуге 10–15 жыл бұрын жиналған мұнай қалдықтары да кіреді. Мұның барлығы кезінде жабылып қалған кәсіпорындардың орындары. Мамандар тазалау жұмыстарын бастамас бұрын, алдымен әр нысандағы заттардың нақты құрамын және олардың экология мен адам денсаулығына қауіптілік деңгейін анықтайды. Қазір жұмысты жүргізетін мердігер компания анықталып жатыр.

 Ілияс Сәндібаев, облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры:

- Түпқараған ауданындағы жағажайда суға батып кеткен кемелер бар. Олар да өндірістік қалдықтар көмілген аумақ саналады. Алдымен кеме бортында жанар-жағармай немесе жарылғыш заттың жоқтығына анықтаймыз. Содан кейін инвентаризациялау және залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью