Маңғыстау облысында Qazaqstan Barysy жеңімпазына көлік кілті табысталды

17.08.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. "Qazaqstan Barysy – 2026" турнирінің жеңімпазы Жантілек Нұртілепұлына Ақтауға келген бойда көліктің кілті табысталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстаудан шыққан тұңғыш Қазақстан Барысын қарсы алуға келген халықтың қарасы көп болды.

© Photo : Маңғыстау облысы әкімдігіМаңғыстау облысында "Qazaqstan Barysy" жеңімпазына көлік кілті табысталды

Маңғыстау облысында "Qazaqstan Barysy" жеңімпазына көлік кілті табысталды

© Photo : Маңғыстау облысы әкімдігі

Жеңімпазды қарсы алуға облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай да келді.

© Photo : Маңғыстау облысы әкімдігіМаңғыстау облысында "Qazaqstan Barysy" жеңімпазына көлік кілті табысталды

Маңғыстау облысында "Qazaqstan Barysy" жеңімпазына көлік кілті табысталды

© Photo : Маңғыстау облысы әкімдігі

"Бүгін Маңғыстау өз батыры Жантілекті қарсы алып отыр. Ол жеңісімен өңіріміздің абыройын асқақтатып, Маңғыстау спортының тарихына жаңа бетбұрыс әкелді. Бұл тарихи жеңістің Мемлекет басшысының назарынан тыс қалмай, Президент тарапынан жоғары бағалануы – спортшымыздың шеберлігі мен қайсар мінезіне, сондай-ақ ұлттық спорттың жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызына берілген зор баға. Бұл жеңістің артында орасан еңбек, күнделікті жаттығу мен мықты рух тұр"– деді Қилыбай.

Әуежайға чемпионға автокөліктің кілті табысталды. Спортшының жеке бапкері Қайрат Иманғазиев те темір тұлпаға мініп кетті.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью