Маңғыстау облысында құтқарушылар ашық теңізге ағып кеткен үш адамды тапты

29.09.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Өткен түнде Түпқараған ауданындағы Каспий теңізінің жағалауында қатты желдің салдарынан үш адам отырған үрлемелі қайық ашық теңізге ағып кеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Құтқарушылар жоғалған адамдарды тауып, жағалауға жеткізді. Медициналық көмек қажет болған жоқ.
ТЖМ ескертеді: жел күшейген кезде суға шықпаңыздар және қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью