Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Жаңаөзенде үлескерлердің 303 млн теңгесін жымқырғандар ұсталды. Тергеу дерегінше, «Өзен көлік құрастыру зауыты» серіктестігі көпқабатты үй құрылысын ешқандай рұқсат құжатынсыз жүргізген.
Компания өкілдері пәтерлерді нарықтан төмен бағада сатуға шығарып, 23 тұрғынмен жалған алдын ала сатып алу-сату шартын жасасқан. Заңсыз жолмен түскен қаржыны өз пайдасына жұмсап отырғаны белгілі болды. Күдіктілерге тиесілі жылжымайтын мүлік, автокөліктер мен жер учаскелеріне сот санкциясымен тыйым салынды.
Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
- Жаңаөзен қаласында «Astana Rich Village» тұрғын үй кешенінің құрылысын қажетті рұқсат құжаттарынсыз, жобалық-сметалық құжаттамасыз, мемлекеттік сараптама мен авторлық қадағалаусыз жүргізген. Күдіктілердің бірі қамауға алынды, екіншісіне бұлтартпау шарасы ретінде кепіл қолданылды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.