Маңғыстау облысында үш ауысымды мектептер мәселесі шешімін тауып келеді

27.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Маңғыстау облысының мектептерінде үш ауысыммен оқыту мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Бұған «Келешек мектептері» жобасы сеп болған. Аймақта кейінгі бір жылда 13 мектеп ашылды. Бұл оқу орындарында 16 мыңнан астам оқушы білім алып жүр.

Ақтаудағы 32-мектеп былтыр желтоқсан айында қолданысқа берілген. Мұнда балалар жастайынан инновациялық технологияларды меңгереді. Мысалы, мынау робот кеншілер үшін таптырмас құрал. Дарынды жеткіншектердің ойлап тапқан жобасы батыс аймақтар арасында өткен жарыста үздік атанды. 

Санжар Әмірхан, оқушы:

- Біз осы мектептің арқасында қол жеткіздік. Енді Астанадағы жарысқа дайындаламыз. Бұл «Скорпион» роботы бірнеше тапсырманы орындайды. Сондай-ақ ауыр жүктерді көтереді. Бірнеше серфтикат алдық. 

Гүлжамал Азаматова, мұғалім:

- Бұрынғы мектептерде теориялық білім көбірек қолданылатын болса, біздің «келешек мектептернің» негізгі бағыты мен мақсаты –  бұл баланы ғылым жолына дайындау болып саналады. Біздің әрбір кабинетіміз заманауи технологиялармен жабдықталған. 

Өңірде салынған 13 «Келешек мектебінің» алтауы Ақтауда орналасқан. Заманауи білім ұялары аймақтағы үш ауысымда оқытатын жеті мектептің жүктемесін айтарлықтай азайтқан.     

Клара Құлатаева, Білім басқармасының бөлім басшысы:

- Біздің өңірімізде 10 үш ауысымды мектеп болатын болса, осы мектептердің ашылуымен оннан үшке қысқардық. Яғни жеті мектептің үш ауысымды мәселесі шешілді. Бұл жерде оқып жатқан баланың да, ұстаздың да мерейі үстем.

Ұлттық жоба аясында бой көтерген жаңа мектептерге бір мыңнан астам педагог орналасты. «Келешек мектептері» ерекше білім беруді қажет ететін балаларға да бейімделген. Әрқайсында сенсорлық бөлме, инклюзивті білім кабинеті бар. 

Авторлары: Талғат Исламұлы, Ренат Досалиев

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью