Маңғыстау облысында жасөспірімдер жаңа жылдық шыршаны қасақана бүлдірген

04.01.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

АСТАНА, 4 қаңтар - Sputnik. Маңғыстау облысы Бейнеуде жасөспірімдер жаңа жылдық шыршаны қасақана бүлдірген, деп хабарлайды Lada.kz.

Екі жасөспірім жаңа жылдық шыршаны қасақана бүлдірген. Оқиға 30 желтоқсан күні сағат 03:00 шамасында Жылқыбаев көшесінде болған.

Полиция жасөспірімдердің кім екенін анықтады.

"Тексеру барысында кәмелетке толмағандардың түнде ата-анасының қарауынсыз көшеде болғаны анықталды", - дейді полицияда.

Ата-аналарға қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью