Маңғыстау облысында желтоқсанда екі мектеп пайдалануға беріледі

05.12.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Жыл соңына дейін Ақтау және Жаңаөзен қалаларында екі жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Білім ордалары «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынып жатыр. 

Бұған дейін өңірде 8 400 оқушыға шақталған 10 мектеп іске қосылған еді. Бұл жайлы қалалық №34 мектебінде өткен пресс-турда айтылды. Онда БАҚ өкілдеріне «Келешек мектептері» ұлттық жобасының іске асырылу барысы таныстырылды. Айталық, жаңа мектептің жалпы аумағы 14 мың шаршы метр. 69 пән кабинеті бар. Әсіресе ерекше қолдауды қажет ететін балалар үшін барлық жағдай жасалған. Бүгінде 1000-ға жуық оқушы білім алады.

Ерсұлтан Сәрсен, Ақтау қалалық №34 мектебінің мұғалімі:

- Мектебіміз «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған, заманауи мектеп. Оқушыларға және мұғалімдерге өте ыңғайлы етіп жасалынған. Кең дәліз, жарық кабинеттер және соңғы үлгідегі жабдықталған тақталар және цифрлық соңғы үлгедегі зертханалық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Осының барлығы оқу және тәрбие процесінде мұғалімдер мен оқушылардың одан әрі дамуына өте жақсы үлесін қосады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью