Маңғыстау тұрғындары референдумға ұлттық киіммен келу челленджін бастады

15.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Республикалық референдум өтетін күні Маңғыстау облысының тұрғындары әлеуметтік желілерде ұлттық киім киіп жүру челленджін бастады.

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Бұл бастама өңір тұрғындары арасында тез таралып, азаматтық белсенділіктің жарқын көріністерінің біріне айналып отыр.

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Челлендж азаматтардың референдумдағы дауыс беруге қатысуының маңызын көрсетіп қана қоймай, ұлттық дәстүрлер мен мәдени құндылықтарды сақтау және насихаттауға да ықпал етеді.

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Өңір тұрғындары сайлау учаскелеріне ұлттық киіммен келіп, дауыс беруге қатысып, әлеуметтік желілерде фото және бейнероликтер жариялап жатыр. Осылайша челленджге қатысушылар ұлттық мәдениетке деген құрметін білдіріп, сонымен қатар азаматтық ұстанымдарын да көрсетіп жатыр.

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Айта кетейік, биыл референдум өткізу күні Маңғыстау өңірінде кеңінен атап өтілетін дәстүрлі Амал мерекесімен тұспа-тұс келді. Бұл күні тұрғындар бір-біріне қонаққа барып, жылы лебіздерін білдіріп, көрісіп, ізгі тілектер айтады. Сондықтан көптеген тұрғын сайлау учаскелеріне ұлттық киіммен келіп, бір-бірін мерекемен құттықтап, ерекше бірлік пен сыйластық атмосферасын қалыптастырып отыр.

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Өңірде мұндай бастамалар азаматтық жауапкершілікті арттырып, қоғамдық бірлікті нығайтуға және елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысуға деген қызығушылықты күшейтуге ықпал ететіні атап өтіліп жатыр. Әсіресе, бұл челленджге жастар белсенді қатысып, ұлттық дәстүрлерге құрметпен қарайтынын және мемлекет тағдырына бейжай қарамайтынын көрсетіп отыр.

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Қазіргі таңда облыс тұрғындары челленджге белсенді түрде қосылып, сайлау учаскелеріне ұлттық киіммен келіп, референдумда дауыс беріп, әлеуметтік желілерде фото және бейнероликтер жариялап жатыр. 

Айта кетелік бүгін Қазақстанда жаңа Ата Заңның жобасы бойынша жалпыұлттық референдум басталды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью