Маңғыстауда 13 жасар қызды зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

27.01.2026

Arasha.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Маңғыстау облысында 13 жастағы қызды зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Arasha.kz.

«2026 жылғы 24 қаңтарда «102» кезекші пультіне 13 жасар қызға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыс жасалғаны туралы арыз түсті. Тексеру барысында, алдын ала мәліметтер бойынша, құқыққа қайшы әрекеттерді оның өгей әкесі жасағаны анықталды. Аталған ер адам 2026 жылғы 20 қаңтарда өз-өзіне қол жұмсаған. Осы дерек бойынша полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі (жас балаға қатысты зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғады», — деп хабарлады Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция мәліметінше, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кәмелетке толмаған баланың құқықтары мен заңды мүдделері толық қорғауға алынған.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью