Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстауда 4 жасар бүлдіршіннің жыныс жолынан бөгде зат табылды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Маңғыстау облыстық ана мен бала орталығының дәрігерлері 4 жасар бүлдіршіннің жыныс жолынан бөгде зат – шашқа арналған резеңкені хирургиялық жолмен алып тастады.
"Бүлдіршіннің анасы баласынан қанды бөлініс және жағымсыз иіс байқап, дәрігерлерге жүгінген. Олар баланың жыныс жолында бөгде зат – резеңке барын анықтады. Ота Ана мен бала орталығының гинеколог дәрігері Айжақсы Құбышева бастаған мамандардың қатысуымен жасалды", - дейді басқармада.
Баланың жасы мен анатомиялық ерекшеліктері ескеріліп, медициналық араласу барынша ұқыпты әрі мұқият жүргізілді. Нәтижесінде резеңке зат алынып тасталды. Гинеколог дәрігер ата-аналарға баланың денсаулығындағы кез келген өзгеріске мұқият болу қажеттігін айтты.
"Анасының дер кезінде дәрігерге қаралуы маңызды рөл атқарды. Қыз баланың денсаулығы – үлкен жауапкершілікті талап ететін мәселе. Баланың жас ерекшелігіне қарай дене мүшелері, жеке басының қауіпсіздігі, тазалық пен жеке шекара туралы қарапайым әрі түсінікті түрде түсіндіріп, үнемі бағыт-бағдар беріп отырған жөн", – дейді гинеколог дәрігер Айжақсы Құбышева.