Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Маңғыстау облысында ежелгі Қарақабақ қалашығының аумағында ашық аспан астындағы археологиялық музей ашу жоспарланып отыр. Ғалымдар бұл мекен Ұлы Жібек жолының маңызды сауда тораптарының бірі болғанын айтады, деп жазады Egemen.kz.
Түпқараған ауданындағы Қарақабақ көне қалашығында археологиялық қазба жұмыстары 2017 жылдан бері жүргізіліп келеді. Осы уақыт аралығында мамандар алтын әшекейлер, мөрлер, керамикалық бұйымдар мен 150-ге жуық көне тиын тапқан. Табылған жәдігерлер Маңғыстау өңірінің ерте дәуірдегі халықаралық сауда байланыстарында айрықша рөл атқарғанын көрсетеді.
Археолог Андрей Астафьевтің айтуынша, қазба кезінде Византия дәуіріне тиесілі қорғасын сауда мөрі анықталған. Бұл – Маңғыстаудың көне заманда халықаралық сауда жүйесіне кеңінен араласқанын дәлелдейтін сирек олжа. Мұндай айғақтар өңірдің тарихи маңызын айқын көрсетеді.
Ғалымдардың пайымдауынша, шамамен екі мың жыл бұрын қазіргі Таушық ауылынан 17 шақырым жерде орналасқан Қарақабақта қызу тіршілік болған. Сол кезеңде бұл аумақ Қытай мен Үндістанды Рим империясымен байланыстыратын теңіз және құрлық жолдарының маңызды бекетіне айналған.
Отандық телеарнаның мәліметінше, қазір облыстық музейдің ғылыми зертханасында Қарақабақтан табылған көне тостағандар, керамика сынықтары мен зергерлік бұйымдар сақтаулы тұр. Олардың қатарында ақсүйек әйелге тиесілі болуы мүмкін алтын сырға мен адам бейнесі мен жебе қашалған мөр жүзік бар. Мамандар бұл артефактілердің жасы шамамен 1,5 мың жыл екенін айтады.
Маңғыстау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Нұртас Сәлидің сөзінше, ежелгі Каспий теңізінің картасында ғалым Клавдий Птолемей көрсеткен Аспабота қаласы қазіргі Қарақабақ болуы мүмкін.
«Қалашықтың жалпы аумағы 12 шаршы шақырымды құрайды. Жуырда өңір басшылығы мен Қазақстан археология институтының мамандары зерттеу нәтижелерімен танысып, алдағы бірлескен жұмыстарды талқылады», деді ол.
Жоба аясында Қарақабақ аумағында ашық аспан астындағы музей, ғылыми база, туристік инфрақұрылым және экскурсиялық бағыттар ашу көзделіп отыр. Археологтер қазба жұмыстарын мамыр айының соңында қайта жалғастырмақ.
Соңғы жаңалықтар
Оралда әйел ер адамнан жеке суреттерін таратпау үшін 500 мың теңге талап еткен
Оқиға • Бүгін, 13:49
Өскемендегі саябақтан Жақсылық Үшкемпіровтің құрметіне орнатылған мүсін жоғалып кетті
Қоғам • Бүгін, 13:37
Түрмеден кейін де тіршілік бар: Қызылордада сотталғандарға жұмыс ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 13:25
Тоқаев Өзбекстан Президентімен бірге Түркістандағы жаңа мешітті аралап көрді
Президент • Бүгін, 13:06
Қосшы, Қарағанды әлде Павлодар: Астананың екінші әуежайы қай бағытта салынуы мүмкін?
Оқиға • Бүгін, 12:55
Алматы облысында соққыға жығылған жігіт қаза тапты: Күдіктілер қылмысты жасырмақ болған
Оқиға • Бүгін, 12:50
ҰҚК Шекара академиясына базалық ұйым мәртебесін беру туралы ереже бекітілді
Қазақстан • Бүгін, 12:44
Қазақстан жасанды жаңбыр технологиясын пайдаланған алғашқы ел болмақ
Президент • Бүгін, 12:40
Алматы облысында қалдықтарды қайта өңдейтін 8 жаңа зауыт бой көтереді
Қоғам • Бүгін, 12:37
Ел тұрғындарының 41 пайызы отбасыны ұрпақ жалғастырумен байланыстырады
Отбасы • Бүгін, 12:27
Мұрат Ергешбаевтың Парламенттегі орнына кім келді?
Тағайындау • Бүгін, 12:24
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Түркістан қаласына барды
Президент • Бүгін, 12:18
Астана ерекше мәртебеге ие болады: Парламент заң жобасын мақұлдады
Елорда • Бүгін, 12:12
Қазақ боксшылары Азия додасында 7 алтын медаль еншіледі
Бокс • Бүгін, 12:10
Астанада күн сайын шамамен 1500 құқықбұзушылық тіркеледі
Оқиға • Бүгін, 11:58