Маңғыстауда автожолды тиісті деңгейде күтіп ұстамаған мердігер жауапкершілікке тартылды

26.01.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

— Мердігер ұйым белгіленген мерзімде берілген нұсқамаларды орындамаған және атқарылған жұмыстар туралы тиісті жауап жолдамаған. Осыған байланысты ұйымға қатысты ҚР Әкімшілік Қылмыстық Кодекстің 462-бабының 3-бөлігі бойынша (мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды тұлғаларына қызметтік міндеттерін орындауға кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау) әкімшілік хаттама толтырылды, — делінген полиция департаментінің хабарламасында.

2026 жылғы 14 қаңтардағы сот қаулысымен мердігер ұйымға 500 АЕК мөлшерінде (2 162 500 теңге) әкімшілік айыппұл салынды.

Бұған дейін, Ақтауда борышкерлерден 280 миллион теңге өндірілген болатын.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью