Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданындағы Атамекен ауылында 12 жастағы бала қайғылы жағдайда көз жұмды.
Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға туралы хабар 1 маусымда түскен. Алдын ала деректерге сәйкес, бала үй ауласындағы қолдан жасалған әткеншекте ойнап жүріп, өміріне қауіпті жарақат алған.
Қазіргі уақытта адам өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, барлық мән-жай анықталуда. Полиция тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпаратты жарияламай отыр.
Куәгерлердің айтуынша, баланы басқа жасөспірім тауып, ересектерге хабар берген. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, дәрігерлер 2014 жылы туған баланың қайтыс болғанын растады.
Қайғылы оқиғаның нақты себептері мен жағдайын тергеу анықтайды.
Бүгін, 13:43