Маңғыстауда балабақшада бала жарақаттанып, директор жұмыстан қуылды

22.06.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, тынығу уақытында «Жауқазын» балабақшасы директорының ұлы «Көгершін» тобына кіріп, ұйықтап жатқан балаларды оятқан. Соның салдарынан балалардың бірі кеңсе пышағынан жарақат алған.

Тексеру барысында оқиға кезінде топта тәрбиеші мен оның көмекшісі болмағаны анықталды. Әлеуметтік желідегі бейнежазбадан кейін білім басқармасы қызметтік тексеру жүргізіп, оқиғаның болғанын растады.

Нәтижесінде 2026 жылғы 13 мамырдағы аудандық білім бөлімінің бұйрығымен балабақша директоры қызметінен босатылды. Сонымен қатар директор мен топ тәрбиешісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға айыппұл салынды.

Айта кетейік, бұған дейін ұлы мүгедек болып қалған маңғыстаулық әйел балабақша қызметкерлерін жауапқа тартуды талап еткен еді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью