Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, заңнамаға енгізілген тиісті түзетулер күшіне енгеннен бері Маңғыстау облысында аталған бап бойынша 15 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Заңнамаға сәйкес, адамның жүзін визуалды түрде тануға мүмкіндік бермейтін деңгейде бетті жауып тұратын киімдерді кию құқық бұзушылыққа жатады. Алайда бұл талап ауа райы жағдайларына, медициналық көрсетілімдерге, қызметтік міндеттерді орындауға, сондай-ақ спорттық және мәдени іс-шараларға қатысу жағдайларына қолданылмайды.
Мұндай құқық бұзушылық үшін жауапкершілік Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-3-бабында көзделген. Алғаш рет заң бұзғандарға ескерту беріледі. Ал бір жыл ішінде қайталап құқық бұзған жағдайда 10 АЕК (43 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.