Маңғыстауда бюджет қаржысын заңсыз жұмсау деректері анықталды

28.05.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Маңғыстау облысының прокуратурасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады.

Анықталған фактілерге сәйкес:

Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы бір көзден заңсыз мемлекеттік сатып алу жүргізіп, 592 млн теңге бөлген. Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы мен Бейнеу ауданы Тұрыш ауылының әкімі орындалмаған жұмыстар үшін 29,5 млн теңге бюджет қаражатын төлеген.

Прокуратура актісінің негізінде заң бұзушылықтар жойылды. Сонымен қатар аталған лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтары үшін атқарып отырған қызметтеріне толық сәйкес еместігі туралы ескерту алды.

Осылайша, прокуратураның араласуымен бюджет қаражатының заңсыз жұмсалуына жол берілмеді.

Бүгін, 13:04

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью