Маңғыстауда Джеки Чанның танымал фильмінің жалғасы түсіріліп жатыр

15.06.2026

Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. Маңғыстау облысында "Доспехи Бога 4: Ультиматум" фильмінің түсірілімі басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыстық әкімдік таратқан мәліметке сәйкес, әлемге әйгілі актер Джеки Чан түсетін фильмнің алғашқы кадрларды таспаға түсірілді. Ал Бозжыра шатқалы негізгі түсірілім алаңдарының бірі ретінде таңдалған.

© Photo : Маңғыстау облысының әкімдігі Маңғыстауда Джеки Чанның танымал фильмінің жалғасы түсіріліп жатыр

Маңғыстауда Джеки Чанның танымал фильмінің жалғасы түсіріліп жатыр

© Photo : Маңғыстау облысының әкімдігі

"7-12 маусым аралығында аталған аумақта 35 адамнан тұратын түсірілім тобы жұмыс жүргізіп, фильмнің бірқатар көріністерін түсірді. Түсірілім жұмыстары биыл аяқталады деп жоспарланып жатыр. Ал фильмнің прокатқа шығуы 2027 жылдың ақпан айына белгіленген", - делінген ресми хабарламада.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай да шығармашылық топ өкілдерімен кездесті. Оның айтуынша, мұндай жобалар Маңғыстауды халықаралық деңгейде танытып, өңірдің әлеуетін кеңінен көрсетуге мүмкіндік береді.

Айта кетері, жобаны Sәlem Entertainment және Dala Edge Creative Tech Park компаниялары жүзеге асырып жатыр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью