Маңғыстауда елдегі екінші бірегей жедел жәрдем станциясы ашылды

13.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Салтанатты шараға ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғабит Садырбеков, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов, мемлекеттік органдардың өкілдері, медицина саласының ардагерлері мен өңір дәрігерлері қатысты.

Облыс әкімі жаңа нысанның өңір үшін маңыздылығын атап өтті.

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

– Әлеуметтік нысан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Бас прокуратура қайтарған активтер есебінен және Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен салынды. Бұл – Маңғыстау жұртшылығы үшін үлкен қуаныш. Жаңа ғимарат жедел медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, тұрғындарға сапалы әрі уақтылы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Ақ халатты жандардың қажырлы еңбегі әрдайым құрметке лайық. Жаңа нысан сіздердің жұмыстарыңызды жеңілдетіп, кәсіби мүмкіндіктеріңізді кеңейтеді деп сенемін, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Заманауи станция орталықтандырылған біріккен диспетчерлік қызметпен, симуляциялық және оқу-практикалық орталықпен жабдықталған. Сондай-ақ 20 санитарлық автокөлікке арналған жылы гараж қарастырылған.

2025 жылы облыс әкімдігінің қолдауымен жедел медициналық жәрдем станциясына заманауи медициналық жабдықтармен қамтылған 32 санитарлық автокөлік сатып алынған. Бұдан бөлек «NCOC» компаниясының демеушілік қолдауы аясында қосымша 20 санитарлық автокөлік алынған. Бұл шаралар өңір тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған.

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Айта кетейік, бұл нысан бірегейлігі жағынан Астана қаласынан кейінгі екінші станция саналады. Алдағы уақытта еліміздің барлық өңірінде осындай үлгідегі медициналық мекемелер салу жоспарланып отыр. Нысанның басты ерекшелігі – дәрігерлердің сапалы жұмыс істеуі үшін қажетті барлық жағдайдың жасалуы.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью