Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Маңғыстауда масаң күйде көлік басқарған және көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізуші сотталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Маңғыстау ауданында ер адам осы жылдың наурыз айында ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша спирттік ішімдік ішіп, масаң күйінде көлікті басқарғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған. Сот шешімімен ол 15 тәулік әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған болатын.
"Белгіленген тыйымға қарамастан, ол көлік жүргізу құқығынан айырылса да, мамыр айының соңында көлікке қайта отырған. Ол кезде де мас болған", - деп жазылған хабарламада.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді.
Маңғыстау аудандық сотының үкімімен ер адам Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Сонымен қатар өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сотталушы сот залында қамауға алынды.