Маңғыстауда ер адам жүргізуші куәлігінен айырылса да, мас күйде көлік айдаған

27.06.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Маңғыстауда алкогольдік масаң күйде көлік басқарған және көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізуші сотталды, деп хабарлады бас прокуратура.

Маңғыстау ауданында ер адам осы жылдың наурыз айында ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша алкогольдік масаң күйінде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған. Сот шешімімен ол 15 тәулік әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған болатын.

"Белгіленген тыйымға қарамастан, ол көлік жүргізу құқығынан айырылса да, мамыр айының соңында көлікті қайтадан алкогольдік масаң күйінде басқарған", - деп жазылған хабарламада.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді.

Маңғыстау аудандық сотының үкімімен ер адам Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды және өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сотталушы сот залында қамауға алынды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью