Маңғыстауда есірткі саудалаумен айналысқан топтан 2 млрд теңге тәркіленді

27.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

ҚР Маңғыстау облыстық прокуратурасы бапасөз қызметінің хабарлауынша, жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде, сондай-ақ ақша қозғалысын тексеру барысында Жамбыл, Ақтөбе облыстарының аумағында және Шымкент қаласында 4 адам ұсталды.

Тергеу барысында қылмыстық жолмен алынған 2 млрд теңгеден астам ақша қаражаты тәркіленіп, жалпы құны 100 млн теңгеден асатын мүлікке тыйым салынды.

Бұдан бөлек, заңсыз айналымнан аса ірі мөлшерде есірткі заттары алынды.

Қылмыстық істі қарау нәтижесімен ағымдағы жылдың 19 ақпанында және 20 наурызында Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімдерімен сотталушылар трансұлттық және ұйымдасқан топ мүшесі бола, есірткі заттарын өткізу, аса ірі мөлшерде сақтау, заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу және қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын заңдастыру фактілерімен кінәлі деп танылды.

- Сотталғандарға 16 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 2 млрд теңгеден астам ақша қаражаты мемлекет кірісіне тәркіленді. Сондай-ақ сотталғандарға тиесілі люкс санатындағы автокөліктері тәркіленді. Сот үкімдері заңды күшіне енген жоқ, - делінген хабарламада.

Осыған дейін Талдықорғанда есірткі сату арнасы әшкереленгені туралы жаздық.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью