Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Нәтижесінде Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысымен қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын өрескел бұзу фактісі анықталған.
— Бөліммен инватакси көлігінің қызметі үшін артық сағаттарды есептей отырып, қызмет көрсетушіге негізсіз ақы төлеген. Мемлекетке келтірілген 5,3 миллион теңге залалды қайтару шаралары қабылданды, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, прокуратураның актісімен мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Әдеп жөніндегі кеңесінің шешімі негізінде, бөлім басшысы қызметке толық сәйкес еместігі туралы тәртіптік жауаптылыққа тартылған.
Бұған дейін, Абай облысындағы жұмыспен қамту бөлімі 1 млрд теңгеден астам заңбұзушылықтарға жол бергені анықталған еді.