Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Оның айтуынша, Форт Шевченко, Баутино ауылы жағалаулары «Коса» мен «Асан» жағалауларынан 191 итбалықтың өлексесі табылған. Оқиға орнында құзырлы орган мамандары жұмыс істеп жатыр.
Бұл жағдайды құзырлы органдар да растады. «Каспий итбалығы» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясымен және Түпқараған ауданының жергілікті атқарушы органымен бірлесіп Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы Каспий теңізі жағалауын мониторингтеу барысында жағалауға шығып қалған итбалықтардың өлекселерін анықтаған.
Фото: Данияр Әкімжанов2026 жылғы 17 сәуір сағат 11:00–дегі жағдай бойынша, батыс желінің әсерінен Түпқараған ауданы аумағындағы Каспий теңізі жағалауына 97 итбалық өлексесі шығарылған.
Фото: Данияр Әкімжанов— Балықтар мен басқа да су жануарларының жаппай қырылу қаупінің алдын алу, сондай-ақ қырылу салдарын жою бойынша көмек көрсету қағидаларына сәйкес жұмыс тобын құру, өлі итбалықтардан сынама алу, өлімнің алдын ала себебін анықтау және өлекселерді жою жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында оқиға орнына «Каспий итбалығы» РММ, Балық шаруашылығы инспекциясы, әкімдік, Түпқараған ауданының ішкі істер бөлімі, Экология департаменті, Ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясы, Гидробиология және экология институты, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы, «Qazaq Balyk» республикалық балық шаруашылықтары және аквакультура қауымдастығы өкілдері барды, — делінген хабарламада.
Гидробиология және экология институты қызметкерлерінің пікірінше, итбалықтар бір айдан астам уақыт бұрын өлген, алайда олар Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы жағалауына тек қазір батыс дауылды желдің әсерінен шығарылған. Жағалауды мониторингтеу жалғасып жатыр.
Бұған дейін, Маңғыстауда соңғы төрт жылда 3 433 итбалық қырылғанын жазған болатынбыз.