Маңғыстауда кеден бекетінде әйел 34 дана алтынды ерекше әдіспен заңсыз кіргізбек болған

17.06.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 17 маусым - Sputnik. Маңғыстау облысы "Құрық" кеден бекетінде мемлекеттік шекара арқылы зергерлік бұйымдарды заңсыз өткізу әрекетінің алды алынды, деп хабарлайды Lada.kz.

Оқиға "Зарифа Алиева" теңіз кемесіне кіруге рұқсат беру кезінде болған. Кеденшілердің назары шекарадан жаяу өтіп бара жатқан 62 жастағы Қазақстан азаматқа түскен. Ол паспорттық бақылаудан өткеннен кейін қобалжып, баяу қозғалып, үнемі ішінің төменгі жағын қолымен ұстап күмән тудырған.
Күдік тудырған әйелге кеденшілер, шекара қызметі, экономикалық тергеу департаменті және көлік прокуратурасының бірлесіп тексеру жүргізген.

"Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, әйелдің жыныс мүшесінен 34 зергерлік бұйымдар: 15 жиынтық (сырға мен сақина), 7 сақина, 3 сырға, 1 шынжыр, 2 білезік, 1 ақ білезік, 5 сары (дөңгелек) білезік тәркіленді", - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша, Қазақстан заңнамасына сәйкес тергеу жүріп жатыр.

Ведомствода адамның дене мүшесі арқылы тауарды жасырып шекарадан заңсыз өткізу ең қауіпті әдіс екенін атап өтті.

Мұндай әрекеттер кеден заңнамасын бұзып қана қоймай, құқық бұзушының денсаулығына үлкен қауіп төндіруі мүмкін, дейді ведомство.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью