Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Ақтау маңындағы Ақшұқыр ауылында көше ортасына қоқыс тастап кеткен тұрғын қалдықтардың арасынан табылған түбіртек арқылы анықталды. Ол заң бойынша жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Lada.kz басылымына сілтеме жасап.
Ауыл тұрғындары көшелердің бірінде пайда болған үлкен қоқыс үйіндісін видеоға түсірген. Шағымнан кейін жергілікті билік өкілдері полиция қызметкерлерімен бірге оқиға орнына барған.
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің мәліметінше, ауыл әкімі Асхат Шайхиевтің тапсырмасымен құқық бұзушылық дерегі бойынша тиісті шаралар қабылданған.
Қоқыс үйіндісін тексеру барысында қызметкерлер қалдықтардың арасынан дүкен түбіртегін тапқан. Полиция қызметкерлері осы түбіртектің көмегімен қоқысты кім тастағанын анықтаған.
Ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы – қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Әйелге 20 АЕК, яғни 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Оқиғадан кейін әйел ауыл тұрғындарынан кешірім сұрап, мұндай жағдайдың енді қайталанбайтынына уәде берген.
Ал ол тастап кеткен қоқысты тазалау жұмыстары санитарлық тазалыққа жауапты "Таза-Түпқараған" МКК-ға тапсырылды.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу