Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АЛМАТЫ, 14 шілде – Sputnik. Маңғыстау облысы Түпқараған ауылында мал қырылды. Әлеуметтік желіде жарияланған оқиға туралы Sputnik Қазақстан тілшісі әкімдіктен сұрап білді.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада ірі қара малдың өлекселерін көруге болады. Бейне авторы қырылған жылқыларды санаумен жүр.
© Photo : Маңыстау облысы әкімдігіМаңғыстауда мал қырылды: әкімдік не дейді
Маңғыстауда мал қырылды: әкімдік не дейді
© Photo : Маңыстау облысы әкімдігі
"Төрт жылқы жатыр мына жерде. Ар жағында қаншамасы жатыр. Иісінен тұру мүмкін емес", - дейді жазба авторы.
Видеода Ақшұқыр ауылы. Жалпы аудан бойынша мал қырылу фактісі бар, оның ішінде көпшілігі жылқылар. Оқиғаға қатысты Түпқараған ауданының әкімдігі жылқының өлекселері жойылғанын айтты.
"Аудандық ветеринариялық станция мамандары мал иелерінің өтініштері бойынша укол система салу жұмыстарын ақысыз түрде жүргізіп келеді. Өлген малдар туралы ресми өтініш тускен жок. 2-3 күн бұрын Сайын ауылы айналасында және Форт-Шевченко каласы маңындагы 20-ға жуық мал өлекселерін Таза Түпқараған мекемесі тазалау жұмыстарын жүргізді", - дейді әкімдік.
Ведомствоның мәліметінше, ірі қара қарақұрт шаққаннан зардап шеккен.
Қырылған мал саны:
Таушық ауылы бойынша 314 мал ауырған: оның 185 жылқы, 125 түйе, 4 қой. Өлген мал саны 30 жылқы және 15 түйе;
Форт-Шевченко бойынша өлген мал саны - 11 жылқы, 1 құлын, 3 түйе;
Ақшұқыр ауылы бойынша ауырған: 25 жылқы, 10 құлын, 1 сиыр, 15 түйе. Өлген ірі қара: 3 жылқы, 1 сиыр, 6 құлын, 1 тайлақ ,1 түйе;
Сайын Шапағатов ауылы бойынша ауырып жазылған жылқы, құлын саны - 88. 11 бас құлын ауырып тұр, 17 түйе жазылған. 3 бас жылқы, 10 – құлын, 5 – түйе өлген.
Ал Баутино және Қызылөзен ауылдарындағы мал аурудан аман. Қазіргі уақытта өлекселер толық жойылған, дейді әкімдік.