Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
ЖИ шығарған сурет
Маңғыстау облысының Шетпе ауылында жыныстық сипаттағы қылмысқа күдікке ілінген ер адам өзіне қол жұмсады. Оның мәйітінің жанынан аңшы мылтығы табылған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.
Ведомствоның хабарлауынша, 24 қаңтар күні «102» нөміріне 13 жастағы қызға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс жасалғаны туралы арыз түскен. Алдын ала деректерге сәйкес, қылмысқа қыздың өгей әкесі күдікті болған.
Полиция мәліметінше, аталған ер адам кейін өзіне оқ атып, оқиға орнында көз жұмған.
Қазіргі уақытта осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.
Бүгін, 16:50