Маңғыстауда қауіпті маневрлар жасап, қоршаған ортаға зиян келтірген жүргізуші 10 тәулікке қамалды

17.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Полиция департаментінің мәліметінше, Mercedes көлігінің әрекеті жол қауіпсіздігіне қауіп төндіріп қана қоймай, қоршаған ортаға да зиян келтірген. Кейін құқық бұзушының 24 жастағы жүргізуші екені анықталған. Ол көлікті мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз басқарған және бұған дейін де осындай құқықбұзушылық үшін жауапқа тартылған болып шықты. Жүргізушіге бірнеше әкімшілік жаза қолданылып, көлік айып тұрағына қойылды.

Маңғыстау облыстық сотының мәліметінше, жүргізушінің әрекеті Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша сараланып, сотта құқық бұзушының кінәсі толық дәлелденген.

Аталған бап бойынша айыппұл немесе әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған. Нәтижесінде сот оған 10 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады.

Бұған дейін, Қызылордада ұнатқан қызын үш жыл аңдыған жігіт 500 мың теңге төлеп, 25 тәулікке қамалғаны туралы жазған болатынбыз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Азамат Сарсенбаев (@azamat_sarsenbayev)

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью