Маңғыстауда қыз алып қашқандарға сот үкімі шықты

14.03.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Маңғыстау облысында қыз алып қашқан екі адамға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында қыз алып қашқан екі адамға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Мұнайлы аудандық соты әр айыпталушыны 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Үкім заңды күшіне енді.

Прокуратура мәліметінше, бұған дейін Қазақстанның Қылмыстық кодексіне "Неке қиюға мәжбүрлеу" атты жаңа бап енгізілген. Бұл нормаға сәйкес, қызды оның келісімінсіз алып қашу, сондай-ақ, некеге тұруға мәжбүрлеу немесе итермелеу - дербес қылмыстық құқықбұзушылық. Бұл әйелдердің құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланады.

Бұл әрекет үшін айыппұлдан бастап 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бұған дейін Алматыда өтіп бара жатқан адамдар супермаркет автотұрағында қызды алып қашу әрекетінен құтқарып қалған. Оқиға видеоға түсіп қалған. Кейін полиция бұл жағдай бойынша ешкім ресми түрде арыз түсірмегенін хабарлаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью