Маңғыстауда қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз

11.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста қызылшаға күдікті 174 жағдай тіркеліп, оның 81-і зертханалық жолмен расталған. Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі (81,5%) 14 жасқа дейінгі балалар.

- Жыл басынан бері қызылшаға күдікті 131 жағдай тіркелді, оның 71-і зертханалық түрде расталды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім 1,6 есені құрап отыр. Расталған жағдайлардың 84,5 пайызы, яғни 60 жағдайы 14 жасқа дейінгі балаларға тиесілі. Ауырғандардың 69 пайызы (49 жағдай) бес жасқа дейінгі балалар. Ауру жұқтырғандардың 70,4 пайызы (50 жағдай) вакцина алмағандар, оның ішінде екпеден бас тарту себепті – 66% (33 жағдай), медициналық қарсы көрсетілімдер бойынша – 10% (бес жағдай), вакцина жасына жетпеген балалар – 24% (12 жағдай). Орташа облыстық көрсеткіштен (8,64) жоғары көрсеткіштер Ақтауда – 17,39 (екі есе жоғары) және Түпқараған ауданында – 10,64 (1,2 есе жоғары) тіркелді, - дейді Мұхтар Сербаев.

Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысының айтуынша, қызылшадан қорғанудың жалғыз тиімді жолы – вакцинация.

Биыл 5 қаңтардан бастап, қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін, 6 айдан - 10 ай 29 күнге дейінгі балаларға, сондай-ақ 18 жасқа дейінгі балаларға қосымша вакцинация жүргізіліп жатыр. 

Бұған дейін, Министрлік қызылша мен тұмау әлі тіркеліп жатқанын, дегенмен жағдай бақылауда екенін хабарлаған еді

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью