Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу және өткізу бойынша Маңғыстау облыстық референдум комиссиясы тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда.
Орталық референдум комиссиясының қаулысына сәйкес негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілген. Жоспарға сәйкес аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының құрамы, жұмыс уақыты, орналасқан жері мен шекаралары туралы ақпарат жарияланды.
Облыс бойынша мүгедектігі бар 3 646 сайлаушы бар. Олардың дауыс беру учаскелерінде кедергісіз кіріп-шығуына және дауыс беруіне барлық қажетті жағдайлар жасалып жатыр.
Комиссия мүшелеріне арналған оқыту семинарлары ұйымдастырылды. Түсіндіру жұмыстары Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалы базасында және өңірлерге шығу арқылы өткізілуде.
Облыста 8 аумақтық және 261 учаскелік комиссия жұмыс істейді. Олардың құрамына 1 843 адам тартылған. Оның ішінде 249 учаске азаматтарды тіркеу орындары бойынша, 12 учаске уақытша орындар бойынша құрылған.
Референдум күні учаскелерде онлайн-қызметі жұмыс істейді. Ол арқылы азаматтар өздерін тізімнен тексеріп, уақытша тіркелу мүмкіндігіне ие болады.
Бұған дейін, Азаматтарға референдум учаскесі орналасқан үй-жайға уақытша тіркелу мүмкіндігі берілетіні туралы жазған болатынбыз