Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қамауда отырған азаматтардың біріне жеткізілген сәлемдемені тексеру барысында мекеме қызметкерлері радиоқабылдағыштың ішіне жасырылған ұялы телефонды, SIM-картаны және зарядтау құрылғысын анықтап, тәркіледі.
Аталған дерек бойынша тиісті материалдар жинақталып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес процессуалдық шешім қабылдау үшін Ақтау қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаменті мекемелер аумағына тыйым салынған заттарды өткізу әрекеттері қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Мекемелердегі режим талаптарын қамтамасыз ету және тыйым салынған заттардың өту деректерінің алдын алу бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда.
Бұған дейін Қазақстандағы түрме жүйесіне қандай өзгерістер енгізілгелі жатқаны хабарланған.