Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғаббас Досатовтың айтуынша, мамандар оқиға орнына барып, өлекселерден және аталған судан сынамалар алған.
Фото: Азамат СәрсенбаевФото: Азамат Сәрсенбаев- Жаппай өлім тіркелген жоқ. Ветеринарлар өлген құстардан сынама алды. Ал экологтар судан сынама алды. Қорытындысы бір аптада шығады. Оны қосымша хабарлаймыз. Жалпы, қазір құстан миграциясы жүріп жатыр. Есеп бойынша «Қаракөл» көлінде 4-5 мыңдай аққу бар. Ал аралдарда кем дегенде 20 мың аққу бар. Олар ауа райының суытуына байланысты көшіп-қонып жүреді. Сол кезде әлсірегені болады, 20 мыңның арасында бірен-саран өлім – бұл табиғи құбылыс, - дейді Ғаббас Досатов.
Бұған дейін Ақтауда әлсіреп, ұша алмай қалған екі аққу құтқарылған болатын.
Фото: Азамат Сәрсенбаев