Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Маңғыстау облысындағы жүздеген жылқының қырылуына байланысты арнайы штаб мен комиссия құрылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Lada.kz порталына сілтеме жасап.
Жергілікті билік органдары қырылған малдың санын нақтылап жатыр. Бірақ қазірдің өзінде 100-ден астам жылқының өлксесі анықталды.
Алдын ала мәліметке сәйкес, үй жануарлары қатты жел мен жаңбырдың салдарынан сазға батып өлген.
"Облыс әкімдігі Ақшымырау ауылына жақын жерде малдың қырылуына байланысты арнайы штаб құрды. Қалған жылқыны іздеу шаралары басталды", - делінген хабарламада.
Ол үшін Бейнеу ауданыннан "Трэкол" жол талғамайтын көлігі жіберілді. Бұдан бөлек, жоғалған малды дрондардың көмегімен іздестіріп жатыр. Суды басқа жерге айдау шаралары да қолға алынған.
Ал арнайы комиссия ауыл халқының шығындарын есептейді. Қырылған мал есепте тұруы керек.
"Ауыл шаруашылығы жануарларын идентификациялау базасында тіркелген малдың өтемақы мәселесі қолданыстағы заңнама аясында қарастырылады. Тиісті шешімді ветеринария, ауыл шаруашылығы мен төтенше жағдайлар саласындағы құзіретті органдар қабылдайды", - делінген ресми хабарламада.