Маңғыстауэнергомұнай ЖШС нің жаңа басшысы тағайындалды

12.02.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қуанбек Шәкірұлы Биғалиев «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС-нің бас директоры қызметіне кірісті.

1968 жылы дүниеге келген ол 1992 жылы Алматы энергетикалық институтын «Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша тәмамдаған. Кейін, 2004 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінде «Экономика» мамандығын игерген.

Еңбек жолын Жетібайдағы Маңғыстау монтаждау-реттеу басқармасында инженер-реттеуші ретінде бастаған. Әр жылдары «Өзенмұнайгаз» АҚ құрылымдарында түрлі қызметтерді атқарды: инженер-реттеуші, қабат қысымын ұстап тұру цехының бастығы, бас инженер, сондай-ақ «Өзенэнергомұнай» басқармасының директоры болды.

Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Биғалиев «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

Айта кетейік, «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның құрылымына кіріп, Қаламқас және Жетібай кен орындарындағы электр желілеріне технологиялық қызмет көрсетеді.

Бүгін, 12:01

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью