Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Маңғыстаулық блогер Әсел Ерімбетова перзентіне аңызға айналған футболшы Криштиану Роналдоның есімін қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қуанышты жаңалығымен бойжеткен Instagram парақшасында бөлісіп, перзентханадан шыққан сәттің видеосын жариялады.
«Уразалы Роналдо Мерейұлы. Перзентханадан шығуды тыныш өткізгіміз келген, алайда күйеуімнің үйінде бізді ерекше тосынсый күтіп тұр екен. Осындай қамқор әрі жанашыр серігім бар екеніне Аллаға шүкір. Бақыт – осындай қарапайым сәттер», – деп жазды Әсел.
Жарияланым астындағы пікірлер жабық болса да, отбасы есім таңдауға қатысты сын мен жағымсыз пікірлерге тап болғанға ұқсайды. Кейін блогер үйге келгеннен кейін тағы бір видео жариялап, ұлына мұндай есім беруінің себебін түсіндіріп, желі қолданушыларының сынына жауап берді.