Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Танымал журналист әрі тележүргізуші Руслан Өтепбай жаңа авторлық бағдарламасының эфирге шығатынын мәлімдеп, көпшілікке арнайы үндеу жолдады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Журналисттің айтуынша, ертең оның кәсіби жолындағы маңызды кезең басталмақ. Ұзақ дайындық пен еңбектің нәтижесі болған жоба алғаш рет көрерменге жол тартады.
"Ардақты ағайын, ертең мен үшін маңызды күн. Авторлық жобамның тұсаукесері өтеді. Бұл – маңдай тер мен табанды еңбектің, елдің батасы мен дұғасының жемісі", – деді Руслан Өтепбай.
Ол жаңа бағдарламаның тағдыры көрермен қолдауына тікелей байланысты екенін атап өтті.
"Менің командамның телеарнада жүруі һәм маңызды тақырыптарды көтеруі тікелей сіздерге байланысты. Осы тұста көрермендеріме айтар жалғыз ғана өтінішім бар. Қолдарыңызға телевизордың пультін алып, сенбі-жексенбі 21:00-де Еуразия арнасынан "Анықтаймыз Руслан Өтепбаймен" жобасын көруге шақырамын. Ағайын, өсек пен төсекті талқылағанша, елмен бірге әділдік іздеген Русланға қолдау көрсетіңіз!" – деді журналист.